«Өзіңе өзің электрик» байқауы

15.04.2022

2022 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған онкүндік аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Өзің электриксің» атты облыстық байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты энергетика саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін техникалық, шығармашылық және логикалық есептерді шешуге тарту болды.

Байқауға Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі мен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері қатысып, электр материалдары, коммутациялық жабдықтар, релелік қорғаныс, электр машиналары, трансформаторлар және энергетика туралы білімдерін анықтауға арналған тапсырмаларды орындады.

Байқауға қатысушылар энергетикалық мәселелерді құмарта, қызығушылықпен шешті.

Жарыс қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды: Дускен Вячеслав – 1 орын, Заболотин Дмитрий – 2 орын және Иванов Борислав – 3 орын. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Бұл іс-шара студенттердің кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға, болашақ мамандығына деген қызығушылықтарын арттыруға, энергетика саласындағы жаңалықтарға ықпал етті.



Текст
Виртуальная приемная