«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» байқауы

13.02.2023

2023 жылдың 08 ақпаны Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжінің құқық және тәртіп фракциясы мен «Sanaly urpaq» студенттік клубының жетекшілері бірлесіп ұйымдастырған 1-2 курс топтары арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» мультимедиялық презентациялар байқауы өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, білім алушылардың шығармашылық бастамасы мен ойлауын дамыту. Студенттер белсенді қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

• I дәрежелі диплом - ЗЧС-1-22, ЗЧС-2-22 топтары;

• II дәрежелі диплом - ОДД-22, ТТМ-22 топтары;

• III дәрежелі диплом –ПБ-22, 226 және 267 топтары.

Баршаңызға қатысқан үшін құттықтаймыз және алғыс айтамыз!



Текст
Виртуальная приемная