"Экология аруы - 2023" байқауы

28.02.2023

2023 жылғы 27 ақпанда "Атамекен" экологиялық клубының студенттері және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің Студенттік парламентінің экология және еңбек фракциясының депутаттары "Экология аруы-2023" дәстүрлі байқауын өткізді. Мақсаты: студенттерді тарихи, мәдени және табиғи мұра ретінде біртұтас жалпыадамзаттық құндылықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Байқауға "Экология аруы-2023" атағына үміткер болған бес бірінші курс қыздары қатысты. "Экология аруы-2023" ТЖҚ-1-22 тобының студенті Гончарова Елена жеңіп алса, "Мистер Экология - 2023" ТЖҚ-1-22 тобының студенті Михайленко Никитаға тиесілі болды. Қалған қатысушылар "Көрермендер көзайымы аруы", "Сүйкімділік аруы", "Сүйкімді күлімсіреу аруы", "Тәттілік аруы" номинациялары бойынша сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушылары мен жүргізушілері Тыштықбаева Камила мен Евченко Романға алғысымызды білдіреміз.



Текст
Виртуальная приемная