«Қыран елім-Қазақстаным!" жалпы республикалық патриоттық акциясы аясындағы мәнерлеп оқу байқауы

21.10.2022

2022 жылғы 20 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері "Қыран елім – Қазақстаным!" атты жалпы республикалық патриоттық акциясы байқауына қатысты. Байқаудың мақсаты студенттерді өз Отанына деген патриоттық сезімдерді көркем сөз арқылы тәрбиелеу болды. Іс-шараға 35 студент қатысты. Олар Отан мен патриотизм туралы өлеңдерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыды. Үздік қойылымдар салтанатты іс-шарада грамоталармен марапатталады.



Текст
Виртуальная приемная