«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» насихаттау плакаттар байқауы

01.04.2022

2022 жылдың 31 наурызы Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжінің Құқық және тәртіп фракциясы мен «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшілері бірлесіп ұйымдастырған оқу топтары арасында «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» насихаттау плакаттар байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлықты мемлекет пен қоғамның әлеуметтік құбылысы ретінде қабылдамауға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру болып табылады.

Сайыстың қорытындысы бойынша 196, 197, 236, 246, 337 және 3С оқу топтарының үздік жұмыстары белгіленді. Үздік насихаттау плакаттарының көрмесі ұйымдастырылды.



Текст
Виртуальная приемная