Менің үйімдегі кітап

01.02.2023

2023 жылдың 1 ақпанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында 1 курс студенттері арасында "Менің үйімдегі кітап" эссе байқауы өтті. Конкурстың мақсаты: зияткерлік, шығармашылық тұлғалық дамудың негізі ретінде оқуды қолдау; отбасының рухани өмірінің маңызды факторлары ретінде кітап пен оқудың мәртебесін арттыру; кітап және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға қатысушылар есте қалған және жақсы көретін оқылған кітаптарға, отбасында жиі оқылатын және басқаларға кеңес беретін кітаптарға эссе жазды. Жарқын және қызықты жұмыстар грамоталармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная