«Ұлттық бірегейлікті сақтау» интеллектуалды ойыны

14.02.2023

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2023 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының ұйымдастырушылары «Ақпарат және қоғамдық даму орталығы» КММ «Азаматтық бастамаларды дамыту» бөлімі болып табылады. Интеллектуалды ойынның мақсаты: қазақ халқының ұлттық бірегейлігін дәріптеу; зияткерлік ойындар арқылы жастардың тарихи және мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын ояту. «Ақпарат және қоғамдық даму орталығы» КММ өкілдері Байбусинова Г.Т., Азаматтық бастамаларды дамыту бөлімінің басшысы Габбасова А. Б., Исмаилова М. Б. бөлім мамандары қатысушыларды ойын ережелерімен таныстырды. Ойын екі негізгі турдан тұрды. Жарысқа екі команда қатысты. «Олимп» командасының капитаны Евченко Роман ТЖД-1-22 тобының студенті, «Қамқор» командасының капитаны 297 топтың Студенті Полохач Алишер болды. Екі команданың құрамы да өте мықты болды. Ойын барысында студенттер жоғары білімдерін көрсетті. Ойынның жеңімпазы жалпы 52 ұпаймен «Олимп» командасы болды. Студенттер Петропавл қаласының колледждері арасында облыстық турда ойынға дайындалады. Бұл іс-шара біздің жастардың өз ойлары мен идеялары бар екендігінің көрсеткіші болып табылады. Іс-шара студенттердің жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.



Текст
Виртуальная приемная