Мектептердің мектептен тыс іс-шараларына жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіру

18.05.2022

2022 жылдың 17 мамырында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу үдерісіне кіріктіру бойынша пилоттық жобаға қатысушы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында «Мектептердің мектептен тыс іс-шараларына жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіру» тақырыбында облыстық семинар-коучинг өтті.

Семинардың мақсаты – жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру кеңістігінде сыныптан тыс жұмыстарға кіріктіруді кеңейту бойынша педагогтардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Семинарды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ, «Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты» КЕАҚ және «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК ұйымдастырып өткізді.

Іс-шараға Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептер мен колледждердің 63 педагогтары қатысты.

Салтанатты және эмоционалды ашылу семинардың шығармашылық және белсенді жұмысына ықпал етті.

Іс-шара барысында педагогтар түрлі секциялар жұмысына қатысып, жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныптан тыс жұмыстарға кіріктірудің тиімді әдістері мен тәсілдерін көрсетті.

Педагогтар «Мектеп бағдарламасының пәндеріне жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіру әдістемесі» тақырыбындағы шеберлік сыныбында тәжірибе алмасты. «Баламен қарым-қатынас сабақтары» психологиялық клубының тәжірибесі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесі көрсетілді, «Қайырымдылық іс-әрекет жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау нысаны ретінде» тақырыбы бойынша тәжірибе жинақталды. Іс-шара барысында өткізілген түрлі тренингтер семинарға қатысушылар арасында ынтымақтастық пен шығармашылықтың ерекше атмосферасын берді.

Іс-шараның логикалық қорытындысы «Менің журналым» атты қызықты рефлексия және ұсыныстарды қабылдау болды.



Текст
Виртуальная приемная