«Жыр арқауы-Тәуелсіздік» әдеби-музыкалық кеш

15.12.2022

2022 жылғы 14 желтоқсанда Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының баспасөз орталығында «Жыр арқауы - Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Әдеби кешке «Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің СҚО бойынша филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов; ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Оспанова Марал Зейнел-Ғабиқызы; ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйралардың жүлдегері Аманжол Зағыпар қатысып, тәуелсіздікке қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, өлеңдерін оқыды. «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 1 курс студенттері Қуаныш Дана және Уалихан Шамсиддин да өз лебіздерін білдіріп, жыр жолдарын оқыды. Іс – шара соңында қатысушылар "Тәуелсіз Қазақстан-бейбітшілік пен келісім елі" атты кітап көрмесімен танысты.



Текст
Виртуальная приемная