Әйел – әлемнің сегізінші кереметі

04.03.2022

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің акт залында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орай «Әйел – әлемнің сегізінші кереметі» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бас маманы Базарбаев Жандос Жантасұлы қатысты.

Жандос Жантасұлы колледжіміздің аруларын келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап, Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыстады.

Жанды музыканың сүйемелдеуімен сахна төрінен әндер тыңдалды және бүкіл концерттің ерекшелігі оқытушылар мен студенттердің бейне құттықтаулары болды.



Текст
Виртуальная приемная