Жас Сарбаз

28.02.2023

2023 жылғы 21-25 ақпанда Алматы қаласында "Жас Сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында "Қалқан" II Республикалық қысқы спартакиадасы өтті. Спартакиаданың негізгі міндеттері: жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің имиджін арттыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жасөспірімдерде өзара көмек пен жолдастық қолдау сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау болды. Жарысқа 14-18 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының өңірлері мен қалаларының 17 командасы қатысты. Команда құрамына екі жасөспірім және бір қыз кірді. Жарыс бағдарламасында келесі түрлері болды: пневматикалық қарудан ату, күштік гимнастика, шаңғы жарысы. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері "Жас Сарбаз" ӘПК атынан қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғады. Біздің команда спартакиаданың абсолютті чемпионы атанды. Жеке біріншілікте Жеребило Роман чемпион атағын жеңіп алды, Лосеев Станислав күміс жүлдегер атанды, қыздар арасында 2 орынды Щербакова Полина иеленді. Колледж құрамасы өткен жылғы чемпиондар атағын растады. Студенттерді құттықтаймыз және оқуда және спортта одан әрі табыс тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная