Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы

16.03.2022

Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде жазушының шығармашылығы көрсетіліп, оның көркемдік құндылығы жоғары шығармалардың авторы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі ретінде ерекше атап өтілді. Көрмеде оның туындылары белгілі бір оқиғалардың нобайы, кейіпкерлердің күрделі де бұралаң өмір жолы туралы баяндалған.

Мақсаты: оқушылардың қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов тұлғасы туралы түсініктерін қалыптастыру; жазушының шығармашылығымен таныстырып, шығармаларына қызығушылықтарын ояту.



Текст
Виртуальная приемная