Фулл-контакт

04.04.2022

2022 жылғы 14-18 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ерлер арасында фулл-контакт бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Фулл-контакт - бұл аяқпен, қолмен кез келген соққыларға рұқсат етілген кикбоксингтегі бағыт.

Жарыста облыс құрама командасын Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің 4 курс студенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері Қажымұратов Рахат қорғады. Жасы кіші болса да, спортшы ерлер арасында қола жүлдегер атанды. Осылайша ол 12-15 мамыр аралығында Стамбул қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін еліміздің ұлттық құрамасына енді.

Рахатты құттықтап, Түркияда сәтті өнер көрсетуіне тілектеспіз.



Текст
Виртуальная приемная