«Өміріңді қуанышқа толтыр» әзіл фестивалі

04.04.2022

1 сәуір - бүкіл әлемде аталып өтетін халықаралық мереке, күлкі күні. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі де бұдан тыс қалмады. Колледжде «Өміріңді қуанышқа толтыр» әзіл фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты - жағымды эмоциялар, сергектік заряды және жақсы позитивті көңіл-күйді қалыптастыру.

Әзіл фестивалі «Күліп алсаң, арманның бәрі орындалады» акциясымен басталды. Студенттер парламентінің өзін-өзі тану және бақыт, мәдениет және өнер фракциясының депутаттары мерекелік жағдайда сайқымазақ костюмдерімен студенттерді, ұстаздар мен колледж қызметкерлерін күлдіргі әзілдермен қарсы алып, жиі күліп жүрсін, позитивті болайық деген тілектері бар смайликтер таратты.

Үлкен үзілісте «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік өнер шығармашылығы» мамандығының студенттері костюмдер қойылымы мен комикс викторинасын өткізді. Күлкілі жауаптары үшін студенттер тәттілермен марапатталды.

Фестиваль «Көңілділер мен тапқырлар» кездесуі түрінде жалғасты, оның бағдарламасына «Автожарыс», «Актерлік өнер», «Көршіңе тамақ бер»,

«Суреттен шыққан», «Нота сауаттылығы», «Би жарысы», т.б. сайыстары кірді.

Іс-шара күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, күн мейірімділікке, нұрға және жылулыққа толы болды.



Текст
Виртуальная приемная