Ұлы Жеңіс жасасын!

05.05.2021

2021 жылы 4 мамырда колледжде «Ұлы Жеңіс жасасын!» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты студенттердің Ұлы Отан соғысы туралы түсініктерін кеңейту, елдің ерлікке толы өткеніне құрметпен қарауды тәрбиелеу; жанқиярлық, ерлік пен отансүйгіштік, белсенді өмірлік ұстаным және аға ұрпаққа деген құрмет сияқты адамгершілік қасиеттерге оң баға қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттер соғыстың барысымен, шайқастармен және жерлестерінің ерлік істерімен танысты. Студенттер қызығушылық танытып, сонымен қатар танымдық материал ұсынды. Қорытындылай келе, студенттер өздерінің «Жеңіс қаһармандары» туралы әңгімелеп, осы мерекенің құндылығын арттырды!



Текст
Виртуальная приемная