«Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран»

27.04.2022

25.04.2022 жылы Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжінде «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында 1-2 курс студенттері арасында әдеби сағат өткізілді.

Әдеби сағаттың мақсаты: Сырбай Мәуленов пен Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылықтарына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларын ұғындыру.

Әдеби сағат Ұлы Отан соғыс ардагерлері, ақын-жазушылар Сырбай Мауленов пен Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойларына арналды. Бірінші бөлімде С.Мауленовтың өмірі мен шығармашылығы сонымен бірге «Жыр-ғұмыр» бейнебаяны көрсетілді. Студенттер ақынның «Менің Республикам», «Сар дала сан ғасырдан келе жатқан», «Торғай қақпасы» өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Екінші бөлімде Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы бойынша бейнебаян көрсетілді.1-2 курс студенттері екі ақынның естеліктерінен үзінді оқыды.

Әдеби сағат соңында студенттер жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап берді.



Текст
Виртуальная приемная