Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ экскурсия

24.02.2022

2022 жылғы 23 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері кәсіпкерлікті ұйымдастыру және жүргізу мәселелерімен танысу мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандық филиалында болды.

Студенттермен кездесуді бас менеджер Арман Серікұлы Менжесаров және жобаны қолдау жөніндегі менеджер Ирина Валентиновна Васильева өткізді.

Кездесуде бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру, іскерлік дағдылар, бизнесті қаржыландыру жолдарын табу, «Еңбек», «Бастау» бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері мәселелері көтерілді.

Студенттер талқылауға белсене қатысты, көмекті ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.



Текст
Виртуальная приемная