«Экология білгірлері» экологиялық турнирі

28.10.2022

2022 жылғы 27 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1 курс студенттері үшін «Атамекен» экоклубының мүшелері және студенттік парламенттің экология және еңбек фракциясының депутаттары «Экология білгірлері» турнирін өткізді.

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында Қазақстан мен жалпы планетаның табиғатына қатысты экологиялық білім, мәдениет және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Турнир 4 кезеңнен тұрды. Кезеңдер арасында музыкалық үзілістер болды. Бірінші кезеңде 9 адам, екінші кезеңде - 6, үшінші кезеңде – 3, соңғы төртінші кезеңде «Экология білгірлері» атағы үшін ең мықты қатысушылар ТЖҚ-1 - 22 студенттері Евченко Роман мен Шарипов Ренат күресті.

Турнирдің жеңімпазы Шарипов Ренат атанды. Құттықтаймыз!

Іс-шара қызықты әрі танымды өтті!



Текст
Виртуальная приемная