Егемендік - елдің бағы жетпес игілігі!

22.10.2022

2022 жылғы 21 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде "Жігер" пікірсайыс клубының мүшелері, Студенттік Парламенттің пікірсайыс қозғалысы фракциясының депутаттары арасында "Егемендік-елдің бағы жетпес игілігі!" тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті. Турнир американдық парламенттік форматта өткен Республика күнін мерекелеуге арналды. Пікірсайыс студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтық ұстанымды, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, логикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пікірсайыс турнирі студенттердің Отанының тарихын білуін, өз көзқарасын дәлелдеу, қорғай білуін, қарсыласының пікірін тыңдай білуін көрсетті. Іс-шара патриоттық сезімді, өз Отаны үшін жауапкершілікті, бір проблеманы әр қырынан қарауды, ақпаратты іздеуді және жүйелеуді, аудитория алдында сөйлеуді, тыңдаушыны сендіруді, сынға тез жауап беруді үйрену мүмкіндігін тәрбиелеуде маңызды болды.



Текст
Виртуальная приемная