«СҚО киелі орындары» бірыңғай кураторлық сағаты

06.02.2023

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде тәрбие жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 6 ақпанда «Солтүстік Қазақстан облысының киелі орындары» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараға 1-4 курс студенттері қатысты. Мақсаты: білім алушыларды облысымыздың киелі жерлерімен таныстыру, отансүйгіштік, сүйіспеншілік, құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Кураторлық сағат "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" және "Туған жер" арнайы жобаларының маңыздылығы мен өзектілігі туралы әңгімеден басталды. Содан кейін студенттер кіші Отанның рухани храмдарымен танысты. Соңында облысымыздың киелі жерлеріне виртуалды экскурсияға аттандық. Кураторлық сағат қарым-қатынас атмосферасында өтті, бұл тақырыпты ашуға ықпал етті.



Текст
Виртуальная приемная