Қазақстан Республикасы күніне арналады

19.10.2022

18 қазанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде жастар арасында Қазақстан Республикасы күніне арналған тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласының мықты спортшылары қатысты.

Тоғызқұмалақ - бүкіл әлемде танымал үстел ойыны. Ол логиканы, тапқырлықты, ойлау жылдамдығын қажет етеді. Тоғызқұмалақты "шопандар алгебрасы" деп атағаны кездейсоқ емес, ойын барысында барлық математикалық әрекеттер қолданылады.

Қыздар арасындағы табанды күрестің нәтижесінде Шал ақын ауданынан Катран Томирис чемпион атанды, СҚКПК 4 курс студенті Кисель Екатерина күміс жүлдегер атанды, Қызылжар ауданынан Сарантай Мерейім 3 орынды иеленді.

Үздік спортшылар қараша айында Ақтау қаласында өтетін ҚР Чемпионатына қатысады. Оларға лайықты қарсыластар мен жаңа жеңістер тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная