Білім күні

01.09.2022

1 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Колледж директоры Жақыпов Еркін Айдарбекұлы жиналғандарды Білім күнімен құттықтап, 1 курс студенттеріне кәсіби мамандықты таңдағандары үшін алғысын білдіріп, оқуда бік жетістіктерге қол жеткізіп, таңдаған мамандықтарын игеруге сәттілік тіледі. Іс-шарадан кейін барлық курс студенттері үшін «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Студенттер құндылықтардың адам өміріндегі рөлі туралы бірлескен пікірталасқа қатысты.

Барлық студенттер мен оқытушыларға оқуда және еңбекте шығармашылық табыс, жақсы көңіл-күй, күш-жігер тілейміз.

Жаңа оқу жылының басталуы құтты болсын!



Текст
Виртуальная приемная