Біз кітаптарды бірге оқимыз

07.04.2023

«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында студенттерді оқуға тарту үшін «Біз кітаптарды бірге оқимыз» тақырыбында библио-кросс өткізілді. Библио-кросстың негізгі мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқылған кітаптан қорытынды жасауға үйрету, шығарманы жақсы есте сақтауға және түсінуге көмектесу, сонымен қатар әдебиеттің жаңалықтарына ғана емес, ұзақ уақыт бойы жақсы көретін немесе ұмытылған кітаптарға деген қызығушылықты ояту. Бұл іс-шараға колледж студенттері белсенді қатысты, олар оқылған кітаптар туралы өз әсерлерімен бөлісті, өздері оқыған кітаптарды оқуға кеңес берді. Кітаптар - заттар мен құбылыстарды білуге апаратын жол. Кітап тек білім көзі ғана емес, сонымен бірге өмірдегі дос, кеңесші.



Текст
Виртуальная приемная