Чемпион болып тумайды

02.05.2019

2019 жылғы 16 сәуірде Петропавл қ. полиатлон бойынша Әлем Чемпионатына қатысқан Қазақстан Республикасының құрама команда мүшелері қайтып оралды. Құрама команданың үш спортшысы Әлем чемпионы атанды.

17 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде оқу орнының студенттерімен – халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздарымен: Гонконгте (Қытай) өткен жеңіл атлетика бойынша Азия Чемпионатының қола жүлдегері – 2 курс студенті Валерия Ереминамен, Малазияда өткен жеңіл атлетикадан жарыстың қола жүлдегері – 4 курс студенті Вадим Левченковпен және Могилев (Белорусь Республикасы) қаласында өткен жазғы полиатлон бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындаған, Әлем Чемпионатының жеңімпазы Александр Горбачевпен пресс-конференция өтті.

Кездесуге «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер шақырылды. Олар «Қалай чемпион болуға болады? Кімге жеңісіңізді арнайсыз? Қазақстаннан келген делегацияны қалай қарсы алды? Жарысқа қалай дайындық жүреді? Спорттық ашу деген не? Сіз үшін қандай дәреже маңызды: әлем чемпионы ма, әлде халықаралық дәрежедегі спорт шебері ме? Пьедесталда тұрғанда көңіл-күйіңіз қандай болды?» деген сұрақтарын қойды.

Конференция қатысушылары жарыс туралы өз ойларымен бөлісіп, болашақта алға қойған жоспарлары туралы айтты.

Пресс-конференция жылы шырайлы, достық атмосфересында өтті. Конференцияның соңында барлығы естелікке суретке түсті.



Текст
Виртуальная приемная