«Адалдық сағат»

05.12.2019

2019 жылғы 4 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адалдық сағат» тақырыбында SANALY URPAG клубының ашық отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Клубтың отырысына «Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ жетекшісі А.Мұхамеджанов шақырылды.

Студенттерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының баптары туралы, адалдық, адалдық құндылықтары терминдері түсіндірілді.

А.Мұхамеджанов жастарға, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін түсіндірді.

Іс-шараны қорытындылай келе «Біліммен қаруланған, ақыл - парасаты толысқан адал ұрпақ барда Қазақстанның келешегі жарқын болатындығына сеніміміз мол».

Ашық отырыс облыстық MTРК телеарнасының жаңалықтар лентасында көрсетіледі.



Текст
Виртуальная приемная