«Ел болашағы - жастардың қолында!»

28.11.2019

2019 жылғы 26 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде табысты түлектермен, спортшылармен, жас кәсіпкерлер-стартаперлармен «Ел болашағы - жастардың қолында!» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ аясында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналып өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: танымал және табысты тұлғалардың мысалында өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тану, патриотизмге, белсенді азаматтыққа тәрбиелеу мүмкіндіктерін көрсету.

Кездесуге қатысқандар: Тоқбаев Аслан Асылбекұлы - «Ауылшаруашылық өндірісін электрлендіру» мамандығы бойынша білім алған 2006 жылғы түлек, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Үміт» спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы, Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Алматы қ. VII Азиат ойындарының чемпионы, бағдарлау бойынша бірнеше дүркін ел чемпионы; Колесникова Светлана Александровна - «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша білім алған 2011 жылғы түлек, жас кәсіпкер, «Колесников» ЖК, «Круассан» кофейни бірлескен құрылтайшы, Мәлкенов Нұржан Құрманбайұлы - «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығы бойынша білім алған 2012 жылғы түлек, Петропавл қ. №2 Өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, аға лейтенант; Сүйменбаев Асқар Талғатұлы - «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығы бойынша білім алған 2012 жылғы түлек, аға лейтенант; Мұқанов Жұман Серғазыұлы - «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік өнер шығармашылығы » мамандығы бойынша білім алған түлек, Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әртісі, «Ең жарқын дебют» номинациясының лауреаты; Жанатлеков Жарқын Ержігітұлы - «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығы бойынша білім алған 2017 жылғы түлек, «СҚО Жастар маслихаты» ЖҚҰ менеджері.

Кездесу «Елбасының көшбасшылық сабақтары - Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің табысты сабақтары» және колледждің «Я - профи» олардың кейіпкерлері - республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары және батутта секіру халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған колледж студенті бейнероликтерімен басталды.

Бейнероликтердің сюжеттері өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тану мүмкіндіктері, жетістікке жету, салауатты өмір салты мен шығармашылық ізденіске бағытталған жағдайлар туралы колледж мәжілісіне қатысушылардың арасындағы диалогтың жарқын бастамасы болды.

Студенттердің ерекше жетістіктері, олардың көшбасшылық қасиеттерін, белсенді азаматтық ұстанымдарын, Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал еткені сөзсіз.



Текст
Виртуальная приемная