Батырлар күші

04.04.2022

2022 жылдың 28 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Шардара қаласында (Түркістан облысы) гір көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері қатысты.

Төртінші курс студенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері Виталий Марциновский 63 келі салмақта жастар арасында серпе көтеруде 32 келі салмақта 63 көтеру нәтижесімен қола жүлдегер атанды. Виталий командалық эстафетаға да қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары құрметті 3-орынға ие болып, 100 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

Екінші курс студенті, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат Мейрам Бекежан 73 келі салмақта 24 келі салмақта серпе көтеруде жасөспірімдер арасында 136 көтеріп, күміс жүлдегер, жұлқа көтеруде 156 рет көтеру нәтижесінде қола жүлдегер атанды.

Екі спортшы да 25-29 сәуір аралығында Щучье қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысу лицензиясын жеңіп алды.

Спортшыларды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да табыстар тілейміз.



Текст
Виртуальная приемная