Семсерлесуден Азия біріншілігі

29.03.2022

Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Азия чемпионаты өтті. Турнирге әлемнің 20 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар команда қоржынына үш алтын, үш күміс және жеті қола медаль әкелді!

Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 2 курс студенті, спорт шебері Артем Сенинг өнер көрсетті. Ол командалық рапирамен жекпе-жекте қола жүлдегер атанды. Айта кету керек, 2008 жылдан бері облысымыз Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болған емес.

Отанына оралған соң Артем Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, 1-орынды жеңіп алды. Спортшының алдағы старттардағы сәтті өнер көрсетуі оған сәуір айында ұлттық құрама сапында Дубайда (БАӘ) өтетін әлем чемпионатына бару құқығын береді.

Артёмге мұнымен тоқтап қалмай, биік шыңдарды сәтті бағындыруын тілейміз.



Текст
Виртуальная приемная