«Белый Бим» қайырымдылық акциясы

11.02.2022

#студенческий_парламент

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Белый Бим» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты: студенттер арасында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру; қаңғыбас жануарлар мәселесіне назар аудару, мейірімділікке мұқтаж жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу; панасыз жануарларға көмек көрсету.

Өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары мен колледждің студенттік парламентінің қамқорлық (волонтерлік) тобының мүшелері жануарлардың өмір сүруіне және күтіміне ақша және басқа да қажетті қаражат жинады.

Акцияға қатысушылар қаңғыбас иттер мен мысықтарды паналау орнында болып, панахана қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсетіп, жиналған қаражатты аударды.

Бізді сөзсіз жақсы көретін және бізге қамқорсыз жандардың өмірін қорғайық!



Текст
Виртуальная приемная