Шығармашыл кітапханашы

18.10.2022

2022 жылдың 18 қазанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында «Шығармашыл кітапханашы» тақырыбында оқырман өзін-өзі басқару күні өтті.

Іс-шараның мақсаты-кітапхана мамандығын дәріптеу. Жұмыс күні ішінде ЭТ-22 тобының студенттері кітапханашыларды толығымен ауыстырды. Олар қызметкерлердің бақылауымен формулярларды өз бетінше толтырды, оқырмандардың өтініші бойынша кітаптар тапты, оқырмандарға қызмет көрсетті, кітаптарды орналастыру ережелерімен танысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер Оқырмандардың өзін-өзі басқару күнін дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар алды.



Текст
Виртуальная приемная