Жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық

06.10.2020

2020 жылдың 6 қазанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында колледж студенттерінің Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының арнайы тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция капитаны А.Е.Жануковпен онлайн режимінде «Оқушылар арасында жол-көлік жарақаттарының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу мақсаты: студенттердің өз денсаулығына, жеке басының қауіпсіздігіне және айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, күнделікті өмірде, қолайсыз және қауіпті жағдайларда өмір мен денсаулықты сақтау дағдыларын, өзіне-өзі және өзара көмек көрсету қабілеттерін қалыптастыру.

Кездесу барысында инспектор студенттерді азаматтардың өмірі мен денсаулығын жол-көлік оқиғаларынан және олардың зардаптарынан қорғау проблемаларымен таныстырды, Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың 9 айындағы жол-көлік оқиғалары бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді, нәтижесінде адамдар қайтыс болады немесе түрлі дене жарақаттарын алады. Студенттерге жол ережесін сақтап, жолда тәртіпті болуларын өтінді.

Полиция капитаны А.Е.Жануковпен әңгімелесу кезінде студенттердің қызығушылықтары артты және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын жол-көлік оқиғаларынан қорғау проблемаларының маңыздылығын түсінуіне себеп болды.



Текст
Виртуальная приемная