Армрестлинг – мықтылар спорты

29.11.2021

2021 жылдың 24 қарашасында «Сұңқар» облыстық спартакиадасы аясында колледжіміздің базасында Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында армрестлингтен жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты – жастар арасында дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, мықты спортшыларды анықтау.

Қиын күресте СҚКПК құрамасы жеке біріншілікте 7 медаль жеңіп алып, сенімді жеңіске жетті. Өз салмақ дәрежесінде чемпиондар: Казаку Георгий (491 топ), Некрут Захар (261 топ) және Синдяйкин Егор (316 топ), күміс жүлдегерлер Дедов Владислав (13 топ), Недобитко Константин (261 топ) және Шевелев Иван (166 топ) болды, «қола» медаль Дмитрий Путиловқа (336 топ) бұйырды.

Колледж ұжымын лайықты жеңісімен құттықтап, спортта толағай табыстар тілейміз.



Текст
Виртуальная приемная