«Игі іс» акциясы

22.10.2022

2022 жылдың 20 қазанында «Қамқор» еріктілер клубының мүшелері мен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттік парламентінің қамқорлық (волонтерлік) фракциясының депутаттары «Жанашыр жүрек» халықтық акциясы» жобасын жүзеге асыру аясында «Игі іс» акциясын өткізді.

Акция мақсаты: жас ұрпақты қарт адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Еріктілер «Аяла» қарттарүйіне барды. Қарттарды құрметтеу, оларға көмек көрсету және қамқорлық жасау, бақытымызға орай, ежелден біздің студенттер өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Кездесу аясында ата-әжелер өз өмірлерімен бөлісіп, ән айтып, әзіл-қалжыңға бөленді. Кездесуден естелік ретінде сәндік-қолданбалы өнерден шығармашылық сабақтарында студенттер өз қолдарымен салған суретін ұсынды.



Текст
Виртуальная приемная