«Таза орман» акциясы

21.05.2021

2021 жылы 21 мамырда «Атамекен» экоклубы СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен «Простоквашино» ОО «Green Hеlp» демалыс аймағы жанында өткізілген жыл сайынғы «Таза орман» акциясына белсенді қатысты.

Акцияның мақсаты - жастарға экологиялық тәрбие беру және оларды туған жерінің табиғатын құрметтеуге тәрбиелеу.

Акция аясында Мещан орманы қоқыстардан тазартылды.

Акция барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жарыс түрінде өтті.

Біздің колледж студенттері 236,9 кг қоқыс жинап, 2 орынға ие болды.

Осы акция аясында Мещан орманы тазарды!

Біз Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына: «Туған жеріңнің табиғатын аяла!» Тазалық-денсаулық кепілі деген қағиданы ұстануды сұраймыз!



Текст
Виртуальная приемная