«Таза жағалау» акциясы

20.05.2021

2021 жылдың 20 мамырында колледждің «Атамекен» экоклубы жыл сайынғы «Таза жағалау» акциясына белсенді қатысты, ол «СҚО Жастар маслихаты» «Солтүстік жұлдыз» ЖҚБ стелласының жанында Солтүстік Қазақстан әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен өтті.

Акцияның мақсаты: жастарға экологиялық тәрбие беру, оларды табиғатты құрметтеуге баулу.

Акция аясында Пестро көлінің жағалауы мен Есіл өзенінің жағалауы қоқыстардан тазартылды. Акция барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жарыс түрінде өтті.

«Атамекен» экоклубының белсенділері аумақты қоқыстардан тазартуға құлшыныс танытты, 547 кг қоқыс жиналды.

Акция нәтижесінде колледжіміздің студенттері 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная