Ауғанстан – емделмейтін жара

13.02.2020

2020 жылғы 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде КСРО әскерінің Ауған жерінен шыққанына 31 жыл толуына орай «Ауғанстан – емделмейтін жара» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу,

Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете

отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Іс-шараға Ауған оқиғасына қатысқан жауынгер ағаларымыз, жергілікті соғыстардың қатысушылары, «Ер Отан», «Легион» әскери-патриоттық клубтардың мүшелері шақырылды. 1979 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Осы оқиға туралы АӘД пәнінің оқытушысы Ж.Жанғазин студенттерді деректермен таныстырып, соңында «Ауғанстан», «Мен Ауғанстаннан оралдым» бейнефильмдері көрсетілді.

Студенттер үшін аға лейтенант, ардагерлер және жергілікті ардагерлер одағы штабының бастығы, жауынгер, соғыс ардагері В.В.Мачкариннің, кіші сержант Н.А.Тұрановтың ерлік туралы әңгімелері қызықты болды.

Қонақтардың қарапайым және тиянақты айтқан әңгімелерінің астарында қиындық пен қауіпті, ауырсыну мен жоғалуды сезіну, ең бастысы, кез келген жерде соғысқа жол бермеу керек деген түсінікті аңғардық.

«Легион» әскери-патриоттық клубының жұмысы туралы клубтың жетекшісі, майор Т.С.Әубәкіров әңгімелеп берді.

Колледж студенттерінің орындауындағы тақырыптық музыкалық-әдеби композиция іс-шараны көркем әуенді және салтанатты түрде өткізді.

Ауған соғысы-жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер... Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы-Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа Отан сүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.



Текст
Виртуальная приемная