Абыройлы ұстаз

15.03.2021

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі қағидаттарының бірі парасаттылық және академиялық адалдық болып табылады. Бұл бағыттағы маңызды іс-шара колледжде "Абыройлы ұстаз"сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын өткізу болды. Студенттерге колледждің үздік оқытушысы туралы бейнеролик түсіру ұсынылды. Акцияға барлық оқу топтарының студенттері қатысты. Студент көзімен «Абыройлы ұстаз» - әділ, адал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтары мен көзқарастарына ие оқытушы.

«Абыройлы ұстаз» акциясын өткізу студенттік ортада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, құқық пен заңдылықтың адалдық қағидаттарына, «адал өмір сүру – тиімді және беделді» деген нық сенімді арттыруға мүмкіндік береді.



Текст
Виртуальная приемная