«Таза сессия!» акциясы

09.01.2023

2023 жылдың 09 қаңтарында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде қысқы емтихан сессиясы кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы басталды. Акция барысында «SANALY URPAQ» клубының мүшелері, студенттік парламенттің құқықтық тәртіп фракциясының депутаттары студенттер мен оқытушылар арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық брошюралар таратылды. Колледжде сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда, көрсетілген нөмірге хабарласыңыз немесе электрондық пошта мекенжайына жазыңыз:

Телефон: 8 (7152) 37 19 24

E-mail: skppk@list.ru



Текст
Виртуальная приемная