Ерлік сабағы

30.03.2022

2022 жылғы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Ж.Т.Жангазиннің жетекшілігімен Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өткен «Ерлік сабағына» қатысты. Сабақты Бас штаб бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Бурамбаев С.Ж. «Өскелең ұрпақ пен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет өткеру туралы» тақырыбында өткізді. «Ерлік сабағының» қатысушылары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу тарихына, қазіргі Армияға және оның даму перспективаларына арналған мұражай экспозициясының көрмесін тамашалады.



Текст
Виртуальная приемная