"Сұңқар" облыстық спартакиадасы

03.03.2023

2023 жылдың 28 ақпанынан 1 наурызына дейін "Сұңқар" облыстық спартакиадасы аясында шаңғы – ролл трассасында колледждер арасында қысқы президенттік көпсайыс бойынша жарыстар өтті. Жарыс бағдарламасы спорттың үш түрінен тұрды: пневматикалық мылтықтан оқ ату, күшпен орындайтын гимнастика және шаңғы жарысы. Команда құрамына 4 ұл және 4 қыз кірді. Бірінші түрінен бастап СҚКПК спортшылары жетекші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында көпсайыс сомасында 1 орынды Павлова Мария (266 топ), 2 орын-Суворина Анастасия (267 топ), 4 және 5 орын Горан Викторияға (ФК-22 топ) және Щербакова Полинаға бұйырды (366 топ). Жастар арасында спартакиада чемпионы Жеребило Роман (ФК-22 топ) атанды, күміс жүлдегер-Мосиенко Евгений (466 топ), қола жүлдегер -Лосеев Станислав (266 топ). Власенко Станислав (ФКП-22 топ) небәрі 1 ұпай жіберіп, 4 орынға ие болды. Нәтижесінде СҚКПК командасы қарсыластарына ешқандай мүмкіндік қалдырмай, чемпион атағын жеңіп алды. Команданы және олардың тәлімгерлері Д.А.Саурмилих және Д.А.Ветошкинді жеңістерімен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная