«Экология және денсаулық» зияткерлік ойыны

16.02.2023

2023 жылғы 15 ақпанда «Атамекен» экологиялық клубының мүшелері және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттік парламентінің «Экология және еңбек» фракциясының депутаттары «Экология және денсаулық» зияткерлік ойынын өткізді. Ойынға ТЖҚ-1-22 және ТЖҚ 2-22 топтарының студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты білім алушылардың экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыру, планетаның экологиялық жағдайы мен адам денсаулығының өзара әрекеттесуі туралы білімді толықтыру болды. Ойын 3 кезеңде өтті: «Сергіту», «Не? Қайда? Неліктен?», «Кеңестер». ТЖҚ-1-22 тобы табанды күресте жеңіске жетті. Студенттерді құттықтаймыз және іс-шараға қатысқандары үшін алғыс айтамыз!



Текст
Виртуальная приемная