Ашық есік күні

07.04.2023

27-31 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Ашық есік күні аясында мектеп түлектерімен бірнеше кездесу өтті. Мамлют ауданының "Минкесер орта мектебі" КММ, "Приишим орта мектебі" КММ, "Вознесенская орта мектебі" КММ және Қызылжар ауданының "Боголюбов орта мектебі" КММ 9-11 сынып түлектері үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Т.Мейрамова және колледж оқытушылары колледж мамандықтары бойынша экскурсия және түсіндіру кәсіби бағдар беру сұхбатын өткізді. Оқушылар оқу орнының артықшылықтары, тегін оқуға түсу ережелері және еңбек нарығын ескере отырып, мамандықтардың өзектілігі мен қажеттілігі туралы толық ақпарат алды.



Текст
Виртуальная приемная