Абылай хан резиденциясына танымдық экскурсия

09.02.2023

«Қазақстанның рухани храмдары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Қазақстанның киелі географиясы жобасын жүзеге асыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері» 2023 жылдың 9 ақпанында Абылай хан резиденциясы мұражай кешеніне барды. Экскурсияның мақсаты: шынайы патриотизм сезімін, туған жеріне және Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мәдениеті мен тарихына қызығушылықты тәрбиелеу. «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығының студенттері мұражай экспозициясымен танысып, Қазақ хандығының тарихы, қазақ жерінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған ұлы Абылайдың рөлі туралы түсініктерін кеңейтті. Қазіргі Қазақстан аумағында Ұлы хан есімімен байланысты сәулет ескерткіштерінің мұндай деңгейі жоқ екені белгілі!



Текст
Виртуальная приемная