Жастар: құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі

14.09.2022

Құндылықтар жеке тұлға мен қоғам жүйесін біріктіруде маңызды рөл атқарады. Жастар - болашақтың негізін құрайтын кең әлеуметтік-демографиялық топ. Қоғамның одан әрі өмірі, оның мәдени және әлеуметтік дамуы оның қалауына байланысты. Сондықтан қазіргі жастардың құндылықтары туралы мәселе барған сайын маңызды бола түсуде.

Осы тақырыптың өзекті мәселелерін талқылау үшін 2022 жылдың 12 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік - педагогикалық колледжінде "Жастар: құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазіргі жастардың рухани - адамгершілік жағдайын талқылау, қатысушылар арасында құқық, міндет, жауапкершілік туралы дұрыс түсінік қалыптастыру және туындаған мәселелерді шешу жолдарын іздеу болды.

Дөңгелек үстел барысында 2 курс студенттері Қуаныш Дарханның "Мен құқықтар мен міндеттер әлемінде тұрамын" және Шыңғыс Зайнуловтың "Адам өміріндегі құқық" атты баяндамалары тыңдалды. Жас ұрпақ өкілдері жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Сұхбат қызықты және сындарлы болды. Студенттер жас ұрпақты толғандыратын сұрақтарға белсенді жауап іздеді.



Текст
Виртуальная приемная