Асық ату сайысы

30.11.2021

2021 жылдың 26 қарашасында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Петропавл қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған ұлттық асық ату ойынынан қалалық ашық турнир өткізілді.

Жарысқа Жамбыл, Есіл, Мамлют аудандарының командалары мен колледж командасы қатысты.

Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:

1. Ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау.

2. Салауатты өмір салтын насихаттау.

3. Жастарды дене шынықтыру мен спортқа баулу.

4. Ең мықты командаларды анықтау.

Жарыстар Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері федерациясының ережесіне сәйкес өтті. Жарыс қорытындысы бойынша: 1 орынды Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы; 2 орын – Есіл ауданының командасы; 3 орын – Жамбыл облысы иеленді.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная