1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

30.11.2021

2021 жылдың 29 қарашасында колледждің барлық оқу топтарында

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Сынып сағатының мақсаты: студенттерді мемлекет тәуелсіздігінің дамуы мен қалыптасуының тарихи оқиғаларымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлімен таныстыру.

1 желтоқсан күнінің символдық мәні бар, дәл осы күні 1991 жылы егемен республика тарихында тұңғыш рет ел Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстанның бірлігін, Конституцияны, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы. Қазақстан халқы ауқымды экономикалық және саяси құрылымдардың мұқият тексерілген жоспарының куәсі болды. Ұлт Көшбасшысының жалпысаяси стратегиясы – ХХІ ғасырдағы жаһандық әлемде Қазақстанның тұрақты ұлттық дамуының тірегі.

Студенттер оқу топтарында «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінен «Өркендеу жолы», «Өмір жолдары», «Бір халық – бір тағдыр» – егемендік алу кезеңдері, тәуелсіз мемлекеттің дамуы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінде табысты дамып келе жатқан елдің қалыптасуындағы маңызды рөлі туралы фильмдерді тамашалады.



Текст
Виртуальная приемная