«Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы»

10.12.2021

2021 жылғы 9 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» тақырыбында

3-ші қалалық емхананың медициналық қызметкері Х.Г.Абденовамен студенттердің кездесуі өтті.

Әңгіме барысында медицина қызметкері денсаулық деген не, оны қалай сақтау керектігін айтып берді. Ол салауатты өмір салты жасөспірімдер арасында танымал бола бастағанын, бірақ көп нәрсе адамның өзіне қалай қарайтынына, оның болашағына байланысты екенін айтты.

Сондай-ақ ол қазіргі студент жастардың вейп пен электронды темекіні пайдалану сияқты денсаулық мәселелеріне тоқталып, жасөспірімнің темекі шегудің, әсіресе жас дененің ұрпақты болу жүйесіне тигізетін зиянын айтты.

Осы тақырып бойынша қажетті және пайдалы ақпаратты көрсететін ақпараттық буклеттер таратылды. Іс-шара жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған.



Текст
Виртуальная приемная