09.11.2022
2022 жылғы 8 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде студенттік парламент фракциялары көшбасшыларының кезекті отырысы өтті.
Мақсаты белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, студенттерді колледж өміріне белсенді қатысуға тарту болды.
Отырыста келесі мәселелер қамтылды:
- Студенттік Парламенттің жұмысын қараша айына жоспарлау. Фракция жетекшілері әр бағыт бойынша бірқатар іс-шараларды талқылап, өз ұсыныстарын айтты.
- Студенттер күніне арналған онлайн-флешмобты ұйымдастыру және өткізу туралы ережені зерделеу. Аталған іс-шараға облыстық деңгейде қатысу туралы шешім қабылданды, өз идеяларын ұсынды.