«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...»

20.02.2023

2023 жылы 15 желтоқсан күні Петропавл қаласының Жастар сарайында ақынның ақыны, түрік поэзиясының жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты Республикалық жазба ақындар мүшайрасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл салтанатты шараны Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері де тамашалады. Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін тыңдау арқылы ақынның еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, сағынышын сезіну, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тоқсаннан астам жазба ақындар дүбірінен озып шыққан жас ақындар Мағжан Жұмабаевқа арнаған өз өлеңдерін оқыды. Осы шараға қала халқы, колледж, университетте оқитын студенттер қатысты. Республиканың барлық өңірінен келген ақын, жазушылар осы кешке жиналды. Мүшайраның қорытындысы бойынша алаш қайраткері, қазақ елінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты Республикалық ақындар мүшайрасының ең үздік тоғыз ақыны марапатталды.Тоғыз ақынға бірдей М.Жұмабаев атындағы тұңғыш әдеби сыйлық және 300 мың сый-сыяпат табысталды.



Текст
Виртуальная приемная