«Қазақстан халықтарының қонақжайлылық дәстүрлері»

15.03.2022

14.03.2022 жылы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Қазақстан халықтарының қонақжайлылық дәстүрлері» тақырыбына арналған 1-2 курс араларында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты: Қонақ күту дәстүрлері туралы түсініктерін кеңейту; Қазақстанда тұратын халықтардың салт – дәстүріне құрметпен және мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Іс -шараға зейнеткерлер және қонақтар шақырылды. 1-2 курс студенттері «Рухани жаңғыру» аясында қазақ және Қазақстан халықтарының қонақжайлылығын, қонақ күтуге арналған дәстүрлерін көрсетті.

Сонымен бірге, 1-2 курс студенттері Қазақстан халықтарының «Өнеге отбасынан» деген қағиданы үйде қатаң ұстанатындығын, дастархан басында қонақты қалай күту, қонақты шығарып салу, қонақтың түрлері жайлы айтылды. Қазақстанда түратын басқа ұлт өкілдері арасындағы қонақжайлылықты, сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиеттерді көрсете білді. Домбырамен күй орындалып,би билеп, ән айтылып, әр халықтың ұлттық тағамдарының дайындау рәсімдерін көрсетті.

Қорытындылау кезінде осы іс -шараға арнайы шақырылған ардагер ана балаларға өз батасын берді.Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. іс-шараға қатысушылар, шақырылған қонақтар, көрермендер Қадір Мырза Әлінің тамаша өлеңімен аяқталды.



Текст
Виртуальная приемная